Мына сөйлемдерді және, да, де, та, те шылаулары арқылы салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Күн жылынды. Қар еріді. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. Сәуірдің ортасы болып қалды. Қар еріді. Салтанат «Әсем» тұрмыс ұйіне барды. Аяқ киімін жөндетіп әкелді. Сәкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп жатыр. Мен үйге келдім. Менің шешем шай дайындады.