Мына сөйлемдерді көшіріп, еліктеу сөздердің астын сызып, қай түрі екенін анықта.
Сырт-сырт етіп, жас сүйек сынды. Ауылдағы қара сабалар күмп-күмп пісілді. Ол әуелі сылқ-сылқ күлді. Мылтық тарс етті: Қарға қаңқ етті. Дыбыс құлаққа тарс-тарс естілді. Есік сарт етіліп жабылды. Кешікпей мылтық дауысы гүрс-гүрс шықты. Боз жирен, ала шұбар өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап. Ол жалт етті, от жылт етті. Ол бізге жалт-жалт қарады. Ауылдан малдар маң-маң басып өріске өрді. Кенеттен шыққан дауысқа «Ботакөз» ә деуге үлгермей, күрісін кілт доғарып, жалт қарады.

Vitalyalol Vitalyalol    1   11.11.2020 08:52    1

Ответы
jiohjb jiohjb  11.12.2020 08:56

сырт-сырт, күмп-күмп, сылқ-сылқ, тарс, қаңқ, тарс-тарс, сарт, гүрс-гүрс, қарш-қарш, жалт, жылт, жалт-жалт, маң-маң, жалт

Объяснение:

Еліктеу сөздің екі түрі бар:

1) Еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, гүрс-гүрс, қарш-қарш, сылқ-сылқ, сырт-сырт, күмп-күмп, тарс, қаңқ, сарт,

2) Еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жалт-жалт, жылт, маң-маң

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi