Мына мақал-мәтелдерден есімдіктерді тауып, түрлерін көрсетіңдер. 1. Әркімнің қолы өз аузына жақын.
2. Дәрігерге дүйім жұрттың бәрі де дос.
3. Өзің су ішкен құдыққа, ит өлігін ырғытпа.
4. Біреу тоқтықтан соқыр, біреу жоқтықтан соқыр.
5. Сен жырламасаң екен, мен тыңдамасам екен.
6. Дені сауға бәрі сау.
7. Ешкім екі рет жас болмас.
8. Біреуді төсек жазады, біреу жатқаннан азады.
9. Жалған нәрсенің бәрі жасық.
10. Әркім өзі шыққан төбешігін биік болсын дейді.