Мына кісінің есімі — қуанышбек. оның отбасы үлкен. оның әкесі, шешесі бар. қуанышбектің әйелінің аты - за¬гира. олардың бір ұлы және екі қызы бар. қуанышбек пен загира үш қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды үйретеді. өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатка шығуға, машинамен қыдыруға құмар. загира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. сенбі күні кешке отбасылық сұхбат қүрып, кітап оқиды. теледидар, радио арқылы жаңалықтармен танысады. жақсы дәстүр - отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі. переведите