Музыка адам жанының үні Адамдардың міндеті күнделікті өмір салтындағы басты саланың
бірі рухани мәдениетті жетілдіру болса, соның бірі әрі бірегейі
музыка. Өзге өнер түрлеріне қарағанда музыка өнері ертерек
дамыған. Музыка өнерінің бір ерекшелігі сол, онымен дыбыс ырғағы
арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін, көңіл күйін, сана-сезімін
білдіре алады. Әуен арқылы адамдар аңсаған арманын, қуанышы мен
қайғысын, өмір сүрген қоғамын әнге қосып толғаған. Олар өздерін
қоршаған табиғатты, оның өзен-көлiн, орман-тоғайын, асқар таулары
мен байтақ даласын жырға қосып, оның әсем көркінен рухани ләззат
алған. Қазақ домбырасының қоңыр үні мен қара өлеңі
дәлел. Қай халықтың болмасын оның тарихи жағдайына, күнделікті
өмір салтына, әдет-ғұрпына байланысты дамып жетілген музыка
өнері болады. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән ұлттық
дәстүрлі музыка өнері бар. Музыка өнерінің негізін қалаушылар,
халық арасынан шыққан дарынды өнер иелері композиторлар.
Әр күйді шығарушы әуен иелері болады, бірақ та біз қазір күйлерді
Осыға көсемшелерді табу