Можете составить вопросы ответы с переводом по тексту: Зәр шығару жүйесінің аурулары.

Цистит Цистит - шырышты қабаттың қабынулы өзгерістерімен сипатталатын қуықтың қабынуы; бұнда қуықтың қызметі бұзылады. Зәр шығару жолдары инфекцияларының жиі кездесетін түрі. Жиі жас әйелдерде кездеседі. Ағымы бойынша циститтер жіті және созылмалы болады. Этиологиясына байланысты инфекциялық, дәрілік, сәулелік болады. Дамуына байланысты біріншілік, екіншілік болады.

Этиологиясы мен патогенезі.
Цистит полиэтиологиялық ауруларға жатады. Жиі циститтің қоздырғышы ішек таяқшасы, сирек стафилококк және стрептококк болады. Бактериялық қоздырғыштардан басқа вирустар, хламидиялар, трихомонадалар, микоплазмалар циститтің дамуына себеп болады.

Клиникалық көрінісі.
Жіті цистит кенеттен дамуы мүмкін, бірақ жиі симптомдары біртіндеп басталады. Циститтің негізгі белгісі - жиі және ауырсынып зәр шығару. Кейде зәр ұстамауы пайда болады. Дене қызуы көбінесе қалыпты, кейде субфебрильді болады. Науқаста әлсіздік, жұмысқа қабілеті төмендейді. 7-10 күннен кейін аурудың симптомдары басылады.

Созылмалы цистит көбінесе екінші реттік болады, куықтың несеп жолының, бүйректің, жыныс мүшелерінің ауруларынан кейін дамиды.

Емі.
Жіті цистит кезінде науқасқа төсектік тәртіп сақтау керек, жылы процедуралар (жылытқыш, жылы ванналар), мол сұйықтық. Диетадан тұздықтар, маринадтар, консервілер, ішімдік шектеледі. Емнің негізі - антибактериальді терапия.

Алдын алу шаралары.
1. Жеке басының гигиенасын сақтау.
2. Іш қатпасын, гинекологиялық ауруларын уақытында емдеу.
3. Жыныстық гигиенаны сақтау.

Malina235 Malina235    1   25.11.2021 20:23    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi