Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған.
Алдар Көсе мен Бай.
Алдар көсе - қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз әңгімелерде Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты - сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды т.б. әжуа ету. Мысалы, ол сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметгеп отырады. Өйткені Алдар көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халыктың өкілі.
Айдаһар мен Қарлығаш.
Табиғаттағы барлық жан-жануарлардың өз айырмашылығы бар. Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы құйрығының айырлығында деп ойлаймын. Ата-бабамыз қарлығаштың ұшуына байланысты ауа-райын анықтаған дегенді естуім бар.Менің ойымша сондай құйрықтары қарлығаштың ұшып келе жатқан кезде жылдам бұрылуы үшін керек сияқты. Қарлығаштардың қалай жылдам ұшатынын байқаған шығарсыз. Ал кішкентай кезімде оның құйрығын тістеп алған Айдаһар туралы ертегіге сенетінмін.
задание 2.
Ертөстік ертегісі.