Можете найти дефис Түркістан
|Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен...
Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мəңгі тып тын.
Болмақ па жан жануар шексіз шөлде,
Сар құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның Тянь Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,
Көкке асқан Хан Тәңіріге қарай қарай.
(Мағжан Жұмабай