Морфологиялык талдау Қалың киімді біреу жер қазбаның аласа есігіне сыймай, үсті - басы сықырлап кіріп келе жатты. Қарақатын тезірек от жағып жібермек болды. Оттың іздеп жанталасып жүріп, жолда тұрған қара құманды қағып кетті. Онан шелекке сүрініп, үй іші даңғыр - дұңғыр болды да қалды.Үй иесі үнсіз. Осының бәрін күнде - күнде көріп, есітіп жүргесін әбден еті өліп кеткен. От басының берекесіз ластығына, қатынының салақтығы мен шаңқылдаған ащы даусына да үйренгенді. Ол қолына ұстай кірген бір асымдай тоң балықты босағаға тастай салды. Сонан соң жеңінің ұшына мұз қатқан су - су киімін босағада тұрып шешіп, етігімен төрге шықты.​

Lesawolk12 Lesawolk12    3   13.01.2021 22:54    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi