Морфологиялық талдау жаса: Шахтаның ішіне түссең де сол қараңғылық. Қолыңа ұстатқан керосин фо нарь мен тар шахтаны бойлап жүрген де, алдыңнан адам итерген көмір тиеулі вагонеткалар кездесетін... Көмірді қол қайламен шауып жатқандарға барсаң, екі ұшы да сүйір қайламен жылтылдаған көмір пластасын дамылсыз ұрған шахтердің өнімсіз еңбегіне жаның ашитын. Енді ше? Енді шахтаға электр лифтімен түсесің. Оның тазалығы да, жылдамдылығы да қонақ үйлердегі лифтілерге ұқсайды. Шахтаның ішіне түссең, ол да электрленген бір сарай. Тізбектелген вагонеткалар көмірді қазір электр күші мен ғана таси ды. Көлбей жасалған шахталардан тізбектеліп өздері шығып жатады, тік шахталарда машиналар көтеріп жатады. Көмірдің қызарып жатқан жеріне бар саң – бүкіл денесімен тұтаса қимылдап жатқан комбайндар. Олар көмірді қазып жатқан сияқты емес. «Көмір» аталатын жердің өзегін үздіксіз және мол тарта сорып жатқан сияқты. Соған қарап тұрып, тапқыш адам ойының көмір ге арнап шығарған бұл қуатына қайран қаласың да, тұрасың!