мне очень нужно Мәтінді мұқият оқып, сұраққа жауап беріңдер.
«Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз. Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік:
- Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?
- Менің ойымша, еңбек адамы-ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан болама, малшы болама, жазушы болама, актер болама, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек.
- Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма?
- Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын, солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.
1-тапсырма Сұраққа жауап беріңдер
1)Еңбек адамы деп кімді айтады?
1.
2)Еңбек адамы қандай болу керек?
2-тапсырма Сөйлемдерді сәйкестендіріңдер
1.Бүгінгі таңда театрда
A)еңбек адамы туралы очерк жазатын.
2.Еңбек адамы
Ә)еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ.
3.Ол уақытта әрбір журналист
Б)кез келген салада болу керек.
3-тапсырма Шартты райлы етістікті тап.
А) Бір көрсем,арманым болмас еді.
В) Содан кейін мені бір сына.
С) Өзің білесің,біз момақан шаруамыз.
4-тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып,мақал-мәтелдерді толықтырыңдар
1.Дос жылатып айтады,
күлдіріп айтады.
2.Кекшіл ,көпшіл бол,
3.Жалған сөз жанға ,
4 берік бол,
Досыңа серік бол
Тиісті сөздер:дос болсаң,қас,дұшпан,болма
5-тапсырма Берілген тіркестердің мағынасын ашып жақсы адамның бейнесін жаз. (9-10 cөйлем)
Керекті сөз тіркестері:Мәдениетті кісі,көпшіл адам,парасатты тұлға,ұйымшыл оқушы