Мне нужен реферат на тему жамбыл жабаев на казахском языке с переводом на ! заранее !

Ludok0309 Ludok0309    2   18.05.2019 01:50    3

Ответы
Amina0807 Amina0807  11.06.2020 06:42

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ

(1846 - 1945)

АҚЫН ӨМІРІ

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы  февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.  Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.  Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi