Мэтін «Менін отбасым» Менің отбасым улкен. Менің отбасымда 8 адам бар. Олар: атам, эжем, екі інім, карындасым, мен, анам, әкем.Бугін бәріміз кыдыруга шыктык. Мәшинеміз колік тұрагында қалды. Таңертең бәріміз театрға бардық. Казiр әжем мен анам сауда уйіне кетті. Сауда уйі дәмхананын касында. Дәмхананың алдында балаларга арналған алан бар. Аланнын іші кен. Мансур екеуміз доп ойнап журміз. Карындасым ролик теуіп жүр. Міне, атам отыр. Оның касында досы бар. Атамның досының иті орындыктын касында жатыр. Әкемнің жанында Алпамыс отыр. Ол элі кішкентай. Бізбен ойнай алмайды. Қазір бәріміз конакуйге барамыз. Қонакуй де жакын жерде тұр. Әне, анау конакүй. Ол сауда үйінің жанында орналаскан. Конакүйдін іші салкын. Ал ондағы мейрамхананың тағамдары өте дәмді. Қазір сонда барып тамак ішеміз. Біз осылай тату-тәтті омір сүреміз. 2 тапсырма «Ойлану» Саралау тапсырмасы: Кластер салып, ауызша монолог айтады. Жоспар кұрастырыңыздар.

toshakalashnik toshakalashnik    3   20.11.2021 19:38    0

Ответы
kolika2016 kolika2016  20.11.2021 19:40

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.

Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.

Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
igoryk2002 igoryk2002  20.11.2021 19:40

Мэтін «Менін отбасым» Менің отбасым улкен. Менің отбасымда 8 адам бар. Олар: атам, эжем, екі інім, карындасым, мен, анам, әкем.Бугін бәріміз кыдыруга шыктык. Мәшинеміз колік тұрагында қалды. Таңертең бәріміз театрға бардық. Казiр әжем мен анам сауда уйіне кетті. Сауда уйі дәмхананын касында. Дәмхананың алдында балаларга арналған алан бар. Аланнын іші кен. Мансур екеуміз доп ойнап журміз. Карындасым ролик теуіп жүр. Міне, атам отыр. Оның касында досы бар. Атамның досының иті орындыктын касында жатыр. Әкемнің жанында Алпамыс отыр. Ол элі кішкентай. Бізбен ойнай алмайды. Қазір бәріміз конакуйге барамыз. Қонакуй де жакын жерде тұр. Әне, анау конакүй. Ол сауда үйінің жанында орналаскан. Конакүйдін іші салкын. Ал ондағы мейрамхананың тағамдары өте дәмді. Қазір сонда барып тамак ішеміз. Біз осылай тату-тәтті омір сүреміз. 2 тапсырма «Ойлану» Саралау тапсырмасы: Кластер салып, ауызша монолог айтады. Жоспар кұрастырыңыздар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi