Менде басқа жоқ көбірек бере алмайм кешіріндер! Былары қолгап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Бангутан Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік агамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап ше берме Жамбыл идромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған 1999 жылы Халықаралық ХАЯссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-кұқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнің ең үздік боксшысы деген атақ Серік Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Маскеуде өткен XXI Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980). Әлем чемпионатының күміс жүлдегері КСРО чемпионы, Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындагы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы балкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының ҚР кәсіпқой бокс федерациясының ҚР президенті жанындагы үлгтық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.