Менің жазғы демалысым шығарма 10- сойлем болсыншы 8-сынып

ывывывывыв ывывывывыв    1   03.08.2019 03:20    0

Ответы
saddsa17 saddsa17  14.08.2020 07:28
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. 

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/4952-kanikul.html#read
© www.ZHARAR.com
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi