Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы. Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп санайды.