"Мен таулықпын" тақырыпқа эссе жаз

daha77 daha77    3   09.10.2021 02:47    4

Ответы
ilay23143p0bp8a ilay23143p0bp8a  09.10.2021 06:00

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері сыршыл да өршіл болып келеді. Бұндай ауыр жүкті беліне алатындай бұл өлеңде қандай құдірет бар? «Қайырлы түн», «Мен таулықпын» өлеңдері бұл қатарға кіре ме? Бұл талқылауды қажет ететін мәселе.

Өлеңнен бар ғаламға, жер анаға, ақ аспанға, қойлы ауылға, ғалымдарға, бар тіршілікке тыныштық тілеп, түннің қайырлы болуын қалаған тіршілікке іңкәр ақынның өлеңі естіледі. Алғашқы шумақтарында ақын табиғатқа жан бітіре суреттеп онымен ашық сырласып, нәзік лирикаға жол берсе, өлеңнің орта тұсында ақынның позициясы көрініп азаматтық пафос жоғарылай түседі. Осылайша өлеңнің басты идеясы айқындалады. Ол – бейбітшілік, тыныштық идеясы. «Қайырлы түн» өлеңі осылай суреттелген. Автор «Мен таулықпын» өлеңінде тау деген алып жүрек екенін, киіктің сүтін ішіп ержеткенін, таудан жаратылғанын, табиғаттан нәр алғанын, өзінің тау ұлы екенің нақты ұйқаспен өрнектеп жазған. Ең соңында «қыранның қанатынан ұстап алып ұшып кетсем ғой» деген ой тастап кетеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi