Менің сүйікті спортшым деген​

Tictax Tictax    2   04.12.2020 11:22    0

Ответы
makel200005 makel200005  04.12.2020 11:30

Кез келген адамның, әсіресе, кішкене балалардың үлгі тұтатын адамы болады. Ол сол адамға табынбаса да, мейілінше соның қылықтарын қайталап, соған тілекші болып жүреді. Сол секілді менің де сүйікті спортшым, кумирім бар. Ол – Генадий Головкин.

Бала күнімнен Головкинді ерекше ұнатамын. Ол – сабырлы, төзімді, мәдениетті әрі әрдайым ережеге сай жекпе-жек өткізеді. Әсіресе, күтпеген жерден нокаут жасайтыны ұнайды. Оның үстіне қазақ қызына үйленгеніне ерекше ризамын. Келіншегінің есімі – Алина. Бір ұлдары бар. Жуырда соңғы жекпе-жегінің алдында қызы дүниеге келді.

Головкин өте сымбатты жігіттердің бірі. Көптеген жарнамалық компаниялар оның осы сымбатын ескеріп жарнамаға түсуге шақырады. Бірақ, ер адамды сымбатты ететін сырт келбеті емес, күш-қуаты, ақылы, жауапкершілігі. Яғни бойына біткен мінезі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi