"менің сүйікті кейіпкерім" шагын шығарма керек(6-7сөйлем) кыстырма сөздері катыстырып

Arigato99 Arigato99    2   12.09.2019 16:20    2

Ответы
elenafrolova31 elenafrolova31  21.08.2020 06:56

Менің сүйікті кейіпкерім.

Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.


(Бұл жерде қыстырма сөздер:сірә,жалпы алғанда,әлбетте,меніңше,қорыта келгенде.)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi