Мен отанымды сүйемін написать на казахском языке сочинение

АзадаЮсупова АзадаЮсупова    1   13.08.2019 12:40    1

Ответы
khorolovgusenoy2lzx khorolovgusenoy2lzx  04.10.2020 15:55
Менің отаным – Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Қазақстан – мен үшін , менің ата – бабаларым үшін өте қасиетті мекен . Осы елде дүниеге келіп , еңбек етіп , білім алып келеміз және қазақ тілінде сөйлеуді, қазақ халқының салт – дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын.
Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген адал махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.
Бүгінгі күні Қазақстан бақыт ордасына айналып отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті.
«Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды.»,-дейді қазағым, ал менің Отаным сонау Каспийден бастап Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке . Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші ?! Еліміздің басынан азап та , аштық та , сұм соғыс та өтті.Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа ұмтылған Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға – апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.
Біздерде Абылайдың саясаткерлігі, Қабанбайдың ерлігі , Қазыбектердің биліктері, Жиреншешелердің шешеншігі , Абай – Махамбеттердің ақылдылығы бар. Оған қоса , ата- бабалар мұра етіп қалдырған асыл - қазына жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен дүние жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды өмірге әкелген кенді өлке Қарағандыда туғаныма қатты қуанам. Сол байлықты біздер игеріп , иемденеміз , алға басып дамимыз .
Мен кандай мамандық таңдасам да, құстай биік ұшып, тауға өрлеп шықсамда еліме құшағымды жайып жүремін.
Мен – егеменді елімнің ертеңімін «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та , бар қалан » , - деп Абай атамыз айтқандай , Отанымның болашағы үшін өз үлесімді қосуға тырысамын.
Біз жастар Қазақстанның болашағымыз, туып өскен жерімізді, елімізді оп – оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төтеп беруге дайынбыз.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi