Менің Отаным - Қазақстан Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан.
Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көптеп саналады. Айталық, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. Қазіргі кезде ғалымдар Арал теңізі маңынан, Маңғыстау түбегінен, Астана жанынан көне қалалардың орындарын табуда. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам». Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары өркениеттің болғандығын көрсетеді.
Қазақстан мәдениетінің басты ошағы – Алматы қаласы. Мұнда Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, цирк және орыс, неміс, ұйғыр, корей театрлары жұмыс істейді. Әлемге белгілі «Медеу» мұз айдыны – халқымыздың мақтанышы.
Составьте диалог по тексту 5 вопросов 5 ответов.( на казахском)