Менін қазақстаным әлемдік арена кластер


.

TigerForceCasual TigerForceCasual    2   16.04.2021 16:49    1

Ответы
leraya08 leraya08  16.04.2021 16:50

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алысымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа өзін танытуға белсене кірісті. Осы мақсатта еліміз халықаралық беделді ұйымдардың жұмысына араласа бастады. ҚР Президенті Н.Назарбаев түрлі ха­­лықаралық ұйымдар мінберлерін Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы сая­сатын, реформаларға негізделген ішкі саясатын насихаттау, таныстыру жолында пайдаланды. Қазақстанның халықаралық беделінің өсуіне оның әлемдегі 4 орын алатын ядролық қуатттан өз еркімен бас тартуы ықпал етті. Өзін ядролық қарусыз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырында Лиссабон шартына қол қойды. Елдің бейбітшілікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға бағытталған қадамдарын әлемдік басым державалар қызу қолдады. Пацифистік идео­логияны ұстанған Қазақстан өз жерінде Кеңес Одағынан мұра болып қалған жаппай қыру қаруларынан 90 жылдардың ортасына дейін толық құтылды. Әлем халықтары Қазақстанның бей­бітсүйгіш саясатының куәсі болды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Қазақстан жаһандық тұрақсыздық заманында өр­кениетті адамзаттың мүдделерін, мақсат­тарын үйлестіретін ең беделді халықаралық ұйымның 168-ші мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Молдова, Әзербайжан, Армения сияқты бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан мемлекеттермен қоса Сан-Марино Респуб­ликасымен бірге кірді. Осы толығудан кейін БҰҰ мүшелерінің саны 168-ден 176 мемлекетке дейін өсті. БҰҰ Бас Ассамблея­сы өзінің 46 сессиясында күн тәртібіндегі 20-пунктті қарап, аталған тоғыз мемлекетті өзіне мүше ретінде таныды. БҰҰ Бас Хатшысы шешім қабылдағаннан соң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруді сұраймын» деген сөзінен кейін Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы БҰҰ ғимаратында желбіреді. 1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР Прези­денті Жар­лығымен ҚР БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі болып қазақтың көрнекті дипломат қызы Ақмарал Хайдарқызы Арыс­тан­­бекова тағайындалды. 1992 жылдың 5 мау­сымында ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі өзінің толыққанды қызметін бас­тап кетті. Осы жылдың 5 қазанында БҰҰ мінберінен ҚР Президенті тұңғыш рет сөз сөйледі. Қазақстан адамзаттың тағдырының ортақтастығын ұғынатын, демократия принциптерін ұстанатын мемлекеттер қатарына қосыламын деп жариялады. Ел өзі басшылыққа алатын Конституциясын, заңдары мен нормативтік актілерін түгелдей халықаралық құқық нормалары мен әлемдік гуманистік принциптер талаптарына сәйкестендіруге бетбұрыс жасады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi