«Менің мамандығым-Мақтанышым!» тәрбиеші мамандығына
эссе жазыңыздар.

AlinaRai AlinaRai    1   04.11.2020 09:22    2

Ответы
polina4673738 polina4673738  04.12.2020 09:23

Мамандық таңдау маған оңай болған жоқ, себебі ол менің бүкіл өмірімде менімен бірге болады ғой. Таңдауым, көп мамандықтың ішінде "Тәрбиешілікке" тоқтады. Мен сәбилерді қатты сүйемін. Олар әлі өте пәк, өтірік, өсек, біреуге жағымпазданып жақсы көріну дегенді білмейді. Өз ойларын ашық айтады. Жақсы көрсе жүрегімен, елжіреп жақсы көреді. Ешқашан сатып кетпейді. Жұмысқа орналасқаныма көп болған жоқ. Бірақ, оларды өте жақсы көремін, жақсы адам, жақсы азамат болып өссе екен,- деп тілеймін. Олармен жақсы тіл табысып кеттім. Мен тәрбиешімін,-деп мақтанышпен айтамын. Себебі, мен өте тамаша адамдардың ортасындамын, менің олардан да үйренерім аз емес. Менің мамандығым-Мақтанышым!"

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi