Менің әлемім эссе. Көмектесіңдерші​

Marsel200301 Marsel200301    1   11.02.2021 10:38    2

Ответы
AlexandraBarabash AlexandraBarabash  11.02.2021 10:40

«Әркімнің өз әлемі бар» немесе «Сен оның жеке әлеміне үңіле алдың ба?» дегенді жиі естиміз. Ал енді менің де өз әлемім туралы ой қозғағым келеді.

Расымен, менің өз әлемім бар. Қуанғанда немесе ренжігенде оңаша қаламын. Себебі жүрегімде әдемі әлем бар. Ол жерден мені түсінетін, бәрін түсіндіретін адал дос табылады. Әрине, құр қиялмен өмір сүре алмайсың. Сондықтан мен өз әлемімді нығайтуды, оның берік қамалға, менің күш алар ғажайып әлемге айналдыруды мақсат тұтамын.

Менің әлемім – болашақта шындыққа айналатын арман әлемі. Біріншіден, арман – идея. Бұл бір жерге тастаған дән сияқты жапырағын жайып, гүлдейді. Екіншіден, тірлігімнің қозғаушы көзі. Мәселен, біз жас өскіннің жемісті немесе құр бұтақты өсімдік екенін білмейміз. Ал адам өзіне керек нәтижені алуға тырысады: ізденеді, тәжірибе жасайды, нәтижеге қол жеткізеді. Осындай ізденістеріме негіз болатын әр арманым – мен үшін бағалы жеміс дәндері. Сонымен қатар менің «Мен» екенімді танытатын ішкі қуат күшім.

Менің әлемімнің қуат көзі – білім. Мен мұны жақсы түсіндім, бірақ өз білімімнің нәтижесін көрсете алмаған кездерім де болады. Сол себепті М. Әуезовтің іс өнімді болуы үшін «...ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деген сөздерін ұстаным ретінде қабылдадым. Кемшілікті түзету үшін жазба болса, жазып жаттығамын, сөзден кетсе, оны дұрыс қолдану жолдарын іздеймін. Ниет түзу болса, алынбайтын қамал жоқ. Еңбектенген жанның достары – күш, қайрат және тәртіп. Менің әлемімде достарға құрмет ерекше. Күресетін дұшпандарым – жалқаулық, немқұрайдық.

Қорыта айтсам, менің әлемім – мақсат, намыс әлемі. Солай қабылдадым, сол бағыттан таймаймын. Сырт көз – сыншы, кейде атыма сын да айтылады. Ондайда сынды қабылдап, ой қорытамын.

Өмір сынағы сан алуан. Сол сындарда нық сенім сыйлайтын берік қамалым – ғажайып әлемім.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
said97 said97  11.02.2021 10:40

Объяснение:

тот правильный ответ..

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi