Мен күнде алты жарымда тұрамын. Төсегімді жинап, 10 минут таңғы жаттығу жасаймын. Беті-қолымды жуып, асықпай таңертеңгі тамағымды ішемін. Мектебім үйден алыс болғандықтан, жетіде үйден шығамын. Жетіден бес мигут кеткенде аялдамаға автобус келеді. Автобуспен 20 минутта мектепке тез жетемін. Сабақ сегізде басталып, екіде аяқталады. Сабақтан соң асханаға барып, дәмді тамақ ішемін. Биыл қазақ тілінен қосымша сабаққа барып жүрмін. Қосымша сабақ қазақ тілін жақсы үйренуіме көмектесті. Мен қазір қазақ тілінде еркін сөйлей аламын.

Аптасына екі рет қалалық кітапхананың оқу залында сабақтарыма дайындаламын. Болашақта бағдарламашы болғым келеді. Қазір нанотехнология туралы ақпараттармен танысып жүрмін.

Менің сүйікті ісім – спортпен айналысу. Сабақтан соң аптасына екі рет мектептегі жүзу бассейініне барамын. Бассейін кең әрі таза. Маған суда жүзген қатты ұнайды.

Кешке теледидардан жаңалықтар тыңдаймын, кино көремін. Кешкі жаңалықты көруге тырысамын. Себебі біз тарих сабағында жаңалықтарды талдап, ой бөлісеміз. Қазіргі кезде ғаламтордан аудиокітаптарды оқып жүрмін.

Үй шаруасына да көмектесемін. Өйткені ата-анам жұмыстан қатты шаршап келеді. Ата-анама көмектесу – менің балалық парызым.

Түнгі он бірде ұйықтаймын.

Демалыс күндері достарыммен күшті қыдырамын, кейде отбасыммен серуендеймін. Мен әр күнімді алдын ала жоспарлаймын. Демалыс күні алдағы аптаның жопарын құрамын. Күнімді босқа өткізбеуге тырысамын. Өйткені «уақыт – бізге берілген сый» деп есептеймін.

1- Тапсырма.

А) мәтінге ат қой (озаглавьте текст

gribovskayairi gribovskayairi    1   15.10.2020 16:21    8

Ответы
Tractorust Tractorust  15.10.2020 17:01

Менің өмірім

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi