Менің болашақ мамандығым туралы эссе "50" сөз

anya12345678900 anya12345678900    3   18.05.2020 11:52    0

Ответы
hjdbr hjdbr  14.10.2020 22:15

ответ:Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист.Журналистика-күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас. «Журналистика» термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Ел аузында журналист мамандығын «екінші көне» мамандық деп атау қалыптасқан. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың қыр-сырын біліп, сезінуге болады. Журналистика мамандығын әр адам әрқалай түсінеді. Ал мен журналистиканы мамандыгым деп тандадым

Объяснение:удачи

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi