Менің атам тақырыбына шығарма қажет

ilburyatovp0dn15 ilburyatovp0dn15    3   31.08.2019 19:20    2

Ответы
Fluttershy22102005 Fluttershy22102005  31.08.2019 19:20
Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан: - «дос табу оңай ма? » деп, ақыл сұрай бардым.сонда атам: – өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші деді.- ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.ол кісі ойымның бұрыстығын айтты. - жоқ, , өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi