Мемлекеттік табиғи қорықтары – сирек кездесетін аңдар мен жануарларды, құнды өсімдіктерді қорғап өсіретін арнаулы аймақ.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында
16-шы орын алады. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610973 га.
Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын
толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың,
табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық
ұйымдастырылмақшы.