Мемлекеттік тіл», «тұлға», «азамат», «міндетті», «себеп».
еркіндік», «тәуелсіздік», «ата заң» сөздерін қатыстыра отырып,
конституция мен мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы ойыңды жаз.
мемлекеттік тілдің болашағы үшін сенің жауапкершілігің қандай? ​

xayalaamirova xayalaamirova    1   12.11.2019 12:33    65

Ответы
МВ080706 МВ080706  05.05.2020 14:26

Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Сондықтан бұл мақалада мемлекеттік тілді құқықтық реттеуге қатысты ұсыныстарымды беруді жөн көрдім.

1995 ж. 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997ж 11 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы тілдердің Республикада қызмет етуінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттерін белгіледі, Республикада барлық тілдердің бірдей құрметпен қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi