Мемлекет «жүрегі» оның астанасында соғады. Бұл – бұлжымайтын ақиқат. Жас
мемлекетке міндетті түрде жаңа, заманауи
астана қажет екенін тәуелсіздіктің бірінші
күннен-ақ ойладым. Осы ойымның
дұрыстығына нық сенімді едім. 1992 жылдың
өзінде-ақ Ақмолаға жұмыс сапарымен
келгенде, астананы осында ауыстыру туралы
ойға келдім.
Қазақстанның жаңа астанасының жобасы
кездейсоқ пайда болған жоқ. Тәуелсіздік
алған күннен бастап жаңа жағдай, мүлде басқа мемлекеттік ахуал қалыптасты. Сол
уақыттың шындығы мен бірқатар фактор
бізді өз геосаяси кеңістігімізді қайтадан
қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауға
мәжбүрледі. Астананы көшіру бірқатар өзекті
мәселені шешуге ықпал ететінін, соның
нәтижесінде Қазақстан халқын ұлттық
идеяларға ұйыстыратын жаңа саяси орталық
құруға болатынын, аймақтардың бір-бірімен
ықпалдасуы күшейіп, ел дамуының алтын
діңгегіне айналатын тың қозғаушы күштің
туатынын түсіндім. Солардың ішінде саяси
символикалық идеяның маңызы өте жоғары
болды. Жаңа астана егемен мемлекеттің
өзіндік аңсар-арманы, ұлттық мүдделері мен
қажеттіліктері негізінде құрылатыны белгілі
еді. Осындай жағдайлардың бәрі жан-жақты
ескеріліп, жаңа астана жобасы дәл уақытын
да жүзеге асты. Көп созбай, тәуелсіз
Қазақстанның барыс бітімді, самұрық
серпінді асқақ бейнесін жасау қажет болды.
1998 жылдың 15 желтоқсанында, Тәуелсіздік
күніне орай, жаңа астана да алғаш рет
салтанатты жиын өтті. Сол жиында мен: «Бұл
– ұлы бетбұрыс. Қазақстанның енді ғана бой
көтерген астанасы қайталанбас келбетке ие
болады», – деген едім.
Менің көкейімде: «Астана еуразиялық
өркениет орталықтарының бірі болады.
Есілдің сол жақ жағалауында су жаңа қала –
болашақтың қаласы бой түзеуі тиіс» деген ой
тұрды.
(Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»
кітабынан)
Мынау кандай жанр КОМЕКТЕСИНДЕРШ

nikputen nikputen    2   29.10.2020 11:00    3

Ответы
katerinabuzmk katerinabuzmk  28.11.2020 11:03

әңгімелеу жанры деп ойлаймын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi