Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Содан бері талай жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады. Ең бастысы, Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын.
Біздің ауданда, ауылымызда, негізінен қазақ және ұйғыр ұлтының өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы. Онда 12 млн. ұйғыр тұрады. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олар 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға көше бастады. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп-өніп, жақсы тіршілік кешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек
Мәтіннен есімдіктерді тауып жазыңдар, түрін анықтаңдар. Олармен 3-5 cөйлем құрап жазыңдар.
будьти людьми мне