«Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады» -деген болатын К.Н.Шәмшидинова. Мәтіндегі тірек сөзді негізге алып, бүгінгі қазақ қоғамындағы өзекті мәселенің бірі ер мұғалімдердің аздығы туралы ойтолғау жазыңыз. (Сөз саны 100-150 сөз)

milankagl milankagl    2   05.02.2021 15:28    0

Ответы
Arturiomajarbio Arturiomajarbio  05.02.2021 15:30

Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi