Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерін анықтап, бағыныңқы компоненті қай сөз табынан жасалғанын және қай септік тұлғасында тұрғанын анықтаңыз, синтаксистік талдау жасаңыз. Жиырма мыңға жаңа толған халқы бар Омбы қаласы ең әрісі жиырма үйден отыратын қыр қазақтарына ұшы-қиыры жоқ үлкен көрінді. Баланы құшақтап маңдайынан бір сүйді де, әкеңе бар деп есікті көрсетті. Күніне үштен, төрттен бордақы семіз қойларды сойғызып үйіткізеді. Жомарт бинокльмен қарап әйел екенін таныды. Біз партия басшылығымен талай асуларды алып, талай қияларға шыққанбыз. Мен кішкентайымнан далада қой бағып өстім. Сағитты мен сол Жоламанның үйінен кездестірдім. Сол күні-ақ ол демалыс алу мақсатымен арыз жазды. Сол бетімен жүріп кеткен Бұланбайдың өз үйі ең ауыр күйде қалды. Өмірінде ерінген емес. Мейрам бой жазуға вагоннан шықты. Майбасар ұялғаннан үнсіз ғана, лекітіп күле берді. Әкесінен көптен хабар алмағанына Владимир өзін қылмысты деп білді. Керуеннің қара жолымен өлкені өрлеп бір арбалы келе жатыр.