Марсты бағындырған менің батырым Мәтінді мұқият оқы. Қай қатарда эссенің негізгі бөлімінің анықтамасы берілгенін тап.
Сен астрономиялық олимпиада кезінде Жерден Марсқа ұшу, Марсқа қону, ондағы өмір және
оны зерттеу туралы жоспар жасауың керек. Марсқа баратын адамды, сол орынды, ұшу
кезінде болған оқиғаларды сипаттап жаз.
Мен бұл күнді ұзақ күттім. Себебі өз батырымды Жер орбитасынан Марс орбитасына жеткізу
басты мақсатым еді. Ол үшін маршруттық деректер сызылған жоспарым да дайын.
Менің жоспарымдағы Марсқа жету арманы құлшындырған қазақ баласы өте батыл, қайтпас
қайсар. Оның аспан көгіне деген ынтызарлығы ерекше. Міне, ол бойындағы бар күш-жігері мен
сенімділігін жиып аспан көгіне аттанды.
Марста ауа райы өте құбылмалы. Ал атмосфера қысымы жоғары болғандықтан онда ешқандай
тірі жан арнайы скафандрсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан жүздеген компоненттен
дайындалған шыдамды скафандр киген қазақ баласы Марсқа еш қиындықсыз қонды.
Х
Марстағы өмір туралы айтсақ, әзірге ол жақта тіршілік бар екенінің ешқандай дәлелі
табылмады, бірақ Марста мұз көп. Демек Марста қазір де, өткен заманда да тірі ағзалар болуы
ықтимал деген болжам бар.
Жоспар бойынша Марстағы зерттеу барысында ғаламшар беті суретке түсіріліп, көптеген
ғылыми өлшеулер жүргізіліп, бізге хабар жеткізіліп отырылу керек. Марсты бағындырған менің
батырым «Бұл ғаламшар болашақта біздің екінші үйіміз болады» деген болжамды растап
зерттеуі тиіс.
Қорыта айтқанда, менің бұл жоспарым іске асса, ғарыш көрген төртінші қазақ баласының
жаңалығына бүкіл әлем көз тігетін болады. Ол қазақ халқының атын ғарыш әлеміне жазып
келетін батыр.
Мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылады.
Айтайын деген пікірдің бәрі айтылады, онсыз шығарманың мазмұны болмайды.
Айтылған пікір қорытылып, маңызы шығарылады.​

Zaminaej Zaminaej    2   23.04.2021 10:01    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi