Мамасы пен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей, тіпті пойызды
күтпестен-ақ құс болып ұшып кетердей алып-ұшқан екпін бар еді.
Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай
жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің.
Енді Есмағамбеттің өзі іштей қатты састы. Сасқан себебі, ба-
ланың сезіміне осыншалық әсер етіп, ендігі жерде оны Алматыға
алып кете алмаса - ұмытылмас күнә болардай еді. Бірақ «Алып
кетем, несі бар... алып-ақ кетемін, мамасына табыстаймын. Тіпті
біздің үйде де жүре береді. Онда қандай қиындық бар?» деп өзін-
өзі жұбатып барып, көңілі тынғандай болды.

Осы бөлімге жоспар құру керек. көмектесші​

mixailoborin0 mixailoborin0    3   07.04.2021 20:15    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi