Мамандық таңдау –өте жауапты іс. Біздің тұрмысымызда, өмірімізде кездесетін мамандықтардың түрі көп. Өмірде өз орнын тауып, жақсы маман болу үшін жемісті еңбек ету керек. Атап айтсақ мұғалім, дәрігер, сатушы, құрлысшы, есепші тағы басқа мамандықтар бар. Мамандық таңдау- өзіңнің тағдырыңды таңдау болып табылады. Бірақ мамандық таңдау кезінде біз көп нәрсені ескеруіміз керек. Олар:өз бойыңдағы қабілетіңді, қызығушылығыңды, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігіңді де ескеру қажет. Мамандық таңдау - сән емес, ол үлкен өмірге берілетін жолдама. 1.Мамандық таңдау қандай іс? А) керексіз іс Б) табылмайтын іс В) жауапты іс 2.Жақсы маман болу үшін не істеу керек? А) адал болу керек Б) жемісті еңбек ету керек В) білім алу керек 3.Мамандық таңдауда нені ескеру керек? А) қабілетіңді, қызығушылығыңды ескеру Б) Жақсы маман болуды ескеру В) есепші болуды ескеру 4. Мамандық таңдау өмірге не береді? А) өмірге жолдама береді Б) сән береді В) бағыт береді 5.Сөйлемді толықтыр. Мамандықтарға деген ... күннен күнге артып келе жатыр. А) талап Б) сұраныс В) мүмкіндік ІІ. Лексико- грамматиқалық тест ( ) 1.Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңыз. Мен кітапханаға жиі А) барамын Б) барасың В) барды 2. Етістіктің сұрақтарын табыңыз. А) Кім? Қайда? Б) Не істеді? Қайтті? В) Қандай? Қай? 3. Жедел өткен шақтың жұрнағын табыңыз. А) –сын, -сін Б) –са, -се В) –ды,- ді, -ты, -ті 4.Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті көрсет А)таңда Б)таңдау В)таңдаймын 5.Етістіктің неше шағы бар? А)2 Б)3 В)4 3. Жазылым. «Менің болашақтағы мамандығым»тақырыбында диалог құрастырыңыз. (5б)

ArtemTony ArtemTony    1   22.02.2022 13:31    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi