Маленькие стихи о родине на казахском

чирик15 чирик15    1   10.07.2019 03:50    3

Ответы
EvgeniaDymova EvgeniaDymova  19.08.2020 07:54

Отан туралы тақпақтар

1. Ерлігі бар даңқы бар,

Бірлігі бар халқым бар.

Отан үшін аянбай,

Ұрпағын мәңгі талпынар.

Отаным менің ардақты,

Қазағымның ордасы.

Ғасыр бойы жалғасқан күреспенен,

Азаттықтың арайлы таңы атты.

2. Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

3. Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес елу елдің қатарынан.

4. Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел - Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!

5. Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам.

Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.

Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан.

6. Күн шуақты Қазақстан

Саған ғана үн қосқан.

Жүрегімнің дүрсілі

Төгіледі жыр дастан.

7. Туған жер - ата қоныс, атамекен,

Бауыры талай жанға болған мекен.

Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға

Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем.

Жері кең, сахарадай неткен көркем,

Әлемде 9 санын тұрақ еткен.

Мұнайлы алтын, күміс, жер қойнауы

Мен осы өз өлкемді мақтан етем!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi