Махамбеттің жалынды жырлары эссе​

lizakiki1 lizakiki1    2   14.12.2020 11:09    0

Ответы
sebtetfGек5у sebtetfGек5у  13.01.2021 11:10

ответ:Махамбет Өтемісұлының есімі бізге жақсы таныс. Неге? Себебі, ол - халықтың азаттығын көксеген батыр, күрескер, өр рухты ақын. Махамбет қалың жұртшылықты тек қана от тілді, орақ ауызды сөз шебері ретінде өзіне қаратқан жоқ, сонымен қатар өзінің даналығы мен дарындылығының арқасында даңққа бөленді.Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы, Бекетай аймағында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жерінде дүниеге келді. Жастайынан ақындық өнерге құмартып өскен. Асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген.Махамбет – халық арасындағы келеңсіз құбылыстарды, келелі істерді өлеңіне арқау еткен өр рухты ақын. Оның шындықты бүкпей жырлаған батыл ақын екені бәрімізге белгілі. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» атты өлеңдерінде халық зарын сөзбен өрнектеп үстем-тап өкілдерін, шенеуніктердің «дұрыс бағытын» өлеңмен түземекші болды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi