Мағжан Жұмабаев Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар — асқан жандар
ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, — Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Определить жанр и почему