Мағынасына сәйкес мезгілдік конструкцияны таңдап алып, сөйлемді толықтырыңыз: соғыс бойы, бір жарым сағат, ұзақ жылдар, түні бойы, жол бойы, күні бойы, бүкіл қыс, қыс бойы, кеш бойы, өмір бойы.
Спектакль ... болды. ... театрдан үйге дейін үнсіз келдік. ... мен кітапханада отырдым. ... олар бір-бірін жақсы көрді. Ол оның хаттарын майданнан ... күтті. Хат тоқтап қалған соң, олар ... бір-бірі туралы ештеңе білмеді. Ол оны ... сүйіп өтемін деп уәде берген. ... ол жылап отырды.