Мақсаты О3. Оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Ж4. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп,дұрыс нұсқасын жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын ажыратады
• Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп,дұрыс нұсқасын таңдайды
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз – прочитайте текст внимательно и определите в таблице правильную и неправильную информацию
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті