Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп урысты.

Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.

Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін тамақ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.

Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.

Ақпараттар

* дұрыс

бұрыс

Мақсаттың әкесі әбден қартайды. Ұлы мен келіні атасына тамақты бөлмесіне апарып берді. Қарт ыдысты сындырып алды. Мақсат темірмен ойнап отырды. Ұлы мен келіні атасына қамқорлық жасайтын болды.​

алиса2343 алиса2343    2   19.10.2020 05:01    9

Ответы
мяв1 мяв1  18.11.2020 05:02

Дұрыс

Объяснение:

берілген ақпарат пен мәтінді салыстырсаң екеуіде бірдей! Сондықтан дұрыс. Ал дұрыс болмаса кешір..!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi