Мақалдардың мағынасынжазып беріңіздерші 1) қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. 2) ер 1 өледі, қорқақ 1000 өледі. 3) наурыз айы: түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз.

loikomatveico loikomatveico    2   18.09.2019 06:02    2

Ответы
semyanivskyilly semyanivskyilly  07.10.2020 23:24
1. Қына деген өсімдік басқа өсімдіктердей жұмсақ жерге емес, тасқа бітеді, ал білім ізденген, талаптанған, басымен жұмыс істеп ойланған адамға қонады, мақалдың мәні осы.
2. Ер жігіт, батыр адам ерлік көрсетіп тайсалмайды, жасқанбайды, өлімнен қорықпайды, бетпе- бет шайқасады, сондықтан ол тек бір-ақ рет ажалы жеткенде ғана өледі. Ал, қорқақ қорыққан сайын өлген екенмін деп ойлайды, сондықтан қорқақты мың рет өлгенге теңейді.
3. Наурыз айында түске дейін жер тоңазып қатты болып тұрады, сондықтан мүйіз деген, ал түстен жер жібіп, жұмсарады, оны жұмсақ киізбен теңеген.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi