Мәтіннен зат есімдерді тауып, түрлерін ажырат (3 мысалдан) Деректі
Дерексіз
Жалпы
Жалқы
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды, халқымыз үшін бұл кезең өте қиын болды. Соғысқа қазақ, орыс, тәжік, украин, белорус, грузин сияқты ұлттар қатысты.
Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері ерлік көрсетті. Солардың ішінде бүкіл қазақ үшін алар орны ерекше бүгінгі қаһарманымыз - Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 ж. - 10 маусым 1982 ж.) - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.