Мәтіннен ыңғайлы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңыздар. Атаулы сөйлемді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден жасаңыздар. 1.Таң аппақ атқан еді. Күздің күні, ұзақ сұр дала мен құла тартқан адырлардың үстіне қып-қызыл шапақ атты. Қанды сәуле шашқандай. Осы шақта кәрі шалдың үйіне Ызғұтты мен Әмір кеп кірді. 2. Кішілеу, шағын үйдің ішіне айнала текемет, тұс киіз, түкті кілем ұсталған. Биік төсек орнына қалың салынған көрпесі, құс төсегі, жастық, бөстегі көп жер төсек орнаған. 3. Сәуірдің бас кезі еді. Қыс ерте шыққандықтан, жердің көктеуі биыл қауырт. Мал балалап жатыр. (М.Ә.) 4. Енді міне, сағат 12-де немістерді жан-жағынан қызыл, көк, сары ракеталармен үсті-үстіне атқылай бастады. Түнгі сағат он екіде мен жан-жаққа қарай аласұра, өршелене атқан артиллерияның үнін естідім. (Б.М.)