Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек,жай тіркестерін бір бөлек, көшіріп жазыңдар.«қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық. бізде ежелгі грек, рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған. әйтсе де, сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын, шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей жыршы, әнші-жыршыларды айырқша көтермелеген. тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. халық туғанына, қарына тартпай, тура билік айтқан шешендерді ханнан артық бағалаған». (б. ).