Мәтіннен шылауларды түріне қарай теріп жазыңдар. Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, суреттер, әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордан-ақ пайдалана аласың. Қаншама қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Сол арқылы біз басқа елдермен байланысқа шығамыз, көптеген деректерге қанығамыз және ғаламтор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том кітаптардың ықшамдалған нұсқасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт үнемділігі үшін жақсы. Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны анық.