Мәтіннен сан есімдерді тауып, топтау сан есімдеріне
айналдырыңдар.
Үлгі:
1994
2004
Текст:
1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет шет елдегі жоғары
оқу орындарына жіберілді. 1994-2004 жылдар аралығында 785 студент
«Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 13 елінде білім алды. Қазіргі
кезде бағдарлама бойынша білім алған студенттер мемлекеттік қызметте,
халықаралық ұйымдарда жауапты қызметтер атқарып жүр.
Мемлекет басшысы 2005 жылы жолдауында «Болашақ» халықаралық
степендиясының иегерлерін көбейту туралы бастама көтерді. Осы
бастаманы іске асыру мақсатында «Халықаралық бағдарламалар
орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Қазіргі кезде үміткерлер
әлемдегі 32 елдің 630 оқу орнында оқиды.