Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыздар Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.
Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.
это СОЧ!
1,81 17,7