Мәтіннен әр септікте тұрған 1 сөзді теріп жаз,және сонымен сөйлем құрастыр пример: Атау септік: хабарлар,...
Шығыс с. :
Жатыс с. :
Барыс с. :
Ілік с. :
Табыс с. :
Көмектес с. :
Қазақ радиосы– Қазақ радиолары ЖШС-не қарасты, Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады. Жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлар таратылады.[1]
Республикалық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар
Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.
Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://qazradio.fm сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады.